Бір аптада бір кітапты қалай бітіруге болады?
«Жастар кітап оқымайды, олар әлеуметтік желіге байланып қалған, тіпті бір кітаптың бетін ашпайды» деп сөгіп жатамыз. Шынымен де кітап оқу, оны белгілі бір уақытта бітіру оп-оңай жұмыс. Тек кеңестерге құлақ түрсеңіз болды.
Кітапты ұйықтар алдында емес, жұмыс алдында оқыңыз
Адамдардың түсінігінде шаң басып қалған кітаптарды ұйықтар алдында ақтарған пайдалы, оқыған қызық деп түйеді. Бұл қате пікір. Себебі сіз ұйқы алдында жатып кітап оқып, ұзаса 3-4 беттен аспайсыз. Ұйықтап кетесіз. Сондықтан кітапты жұмысқа кетер алдында 1 сағат ерте тұрып оқуға тырысыңыз. Бұл пайдалы әрі кітапты тез және түсініп оқуға көмектеседі.
Кітапты жолда оқыңыз
Жұмыстан шыға салып, метроға не автобусқа не таксиге отырған кезде қолыңызға телефонды алмай, кітап ала шығыңыз. Кептеліспен жеткенше кітаптың біраз жерін оқып үлгересіз.
Электронды кітаптарды жүктеп алыңыз
Кейбір адамдар кітапты мүлде оқи алмайды. Бір сөзбен айтқан кезде қол телефонсыз жүре алмайды. Ал оның шарасы жеңіл. Ақыры кітапты парақтауға ерінсеңіз, ең керемет деген телефоныңызға тегін кітаптар жүктеп алыңыз. Оны да оқуға болады. Бастысы оқуға деген талапты үзбеңіз.
Кітап ұнамаса, оқымаңыз
Өзіңізге ұнамайтын, ішіңізді пысырып жіберетін кітапты оқудың қажеті жоқ. Себебі сіз оны оқыған күннің өзінде нәр ала алмайсыз. Кітапты сатып алатын кезде де кем дегенде 3-4 бетін оқып бастап барып алыңыз. Ол сізді өзіне тартып алып кетсе бас тартпаңыз.
Кітапхананы еске түсіріңіз
Бұл кітап оқудың бір әдісі. Себебі сіз кітапхананы еске түсіру арқылы ежелгі жұқа қағаздарға жазылған, шеті жыртылып, тозы шыққан папирустарды елестетесіз. Бұл сізге кітап оқуға үлкен шабыт болар еді.
Бірнеше кітапты бір уақытта оқыңыз
Шамаңыз келсе, уақытыңыз болса роман оқыңыз немесе шағын-шағын жанрдағы бірнеше кітапты араластырып оқыңыз. Бұл ең бірінші мидың қыртыстары үшін пайдалы. Бір оқиғадан екінші жаңа бір оқиғаны еске түсіру, еске алу үлкен шеберлікті талап етеді.
Оқыған кітаптарыңыздың тізімін жасап жүріңіз
Бұл өте пайдалы. Ең дұрысы тек тізімі жасау ғана емес, керемет сөздер мен сюжеттерден үзінді көшіріп жазып қойған дұрыс. Себебі ми уақыт өте келе ақпараттарды ұмытып қалады. Сол кезде еске қайта түсіру үшін көмегін тигізеді. Одан қала берді тізіміңіз көп болса, одан ары кітап оқуға деген құмарлық ашылады.
Айтылған кеңестер арқылы сіз бір аптада бір емес, бірнеше кітапты бітіре аласыз.
Дайындаған: Марғұлан Ақан