Әкеме.
Балам дедің өсірдің мәпеледің.
Адаспа деп талай жерде жетеледің.
Ақыл айттың үйреттің ілім білім.
Жөндедің болған кезде қателерім.
Алыс жүрсем қолдадың дұғаңменен.
Қолдап ойды биікке шығам деген.
Асқар таусың сен әке асқар таусың.
Бұтағыңды өсірген шыдамменен.
Аймалап еркелетіп сүймесеңде.
Ақыл түйдім есіңді жый дегенде.
Мақтан тұтам әкетайым асқар тауым.
Мақтан етем еліме сыйлы әкем деп.
Мақалдарды сөздерді ұлы дәріптедің.
Бетін аштым құраның әліппенің.
Бәрін маған үйреткен жан әкемнің.
Алтын менен жазам атын әріптерін.
Ұрысқаның жамандыққа қимағаның.
Сіз ұрысаңыз мен неге қиналамын.
Сіз үйреткен сабақтың арқасында.
Әлі өмірден мен талай сыйды аламын.
Керек емес малыңыз байлығыңыз.
Жақсы болса жетеді жай күйіңіз.
Анашым қарайлаңыз жан әкеме.
Шөлдеп қалса қымыз беріп шәй құйыңыз.
Әке әлі білдірем алғысымды.
Жігіт еттің тәрбиелеп жалғыз ұлды.
Биіктерге ұмтылам мақтан етсін.
Жақсы ұл болам салам соған бар күшімді.
Бос кетпейді әке сіздің сеніміңіз.
Аман сау ортамызда тек жүріңіз.
Немереңіз болады әлі әкетайым.
Инша-Аллах иманды болады келініңіз.
Сіз әке шаршамаңыз қажымаңыз.
Немереге айтасыз әліде аңыз.
Әкетайым әліде болаттайсыз.
Болаттай болып әкетайым мың жасаңыз.
Авторы: Төлегенов Берік Айтбайұлы.